13 қазан 2015 14:07

Оралда балаларымен орманда тұрған әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mgorod.kz © mgorod.kz

Оралда балаларымен бірге бірнеше ай орманда тұрған әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды "Мой Город" порталы.


Оралда балаларымен бірге бірнеше ай орманда тұрған әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды "Мой Город" порталы.

"Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы" директорының қызметін атқарушы Гуляин Сарбаеваның айтуынша, әйел қыздарына келмейді. "Апалы-сіңлілі Альбина мен Карина таяуда "Ивушка" шипажайынан бізге келді. Олар шипажайда бірнеше ай болды. Бізге келгелі аналары Настя Ереминаны бірде-бір рет көрмедік. Қыздарға тәтелері келеді, Настяның кіші сіңлі. Ол балаларға базарлықтар мен сыйлықтар әкеледі", - деді орталықтың басшысы.


Альбина. © Медет Медресов/mgorod.kz

Сарбаеваның айтуынша, осыған байланысты ата-ана құқығынан айыру туралы мәселе көтерілді. "Тәтелері қыздарды үйіне алып кете алмайды, себебі өзінің үш баласы бар. Қыздар жақында комиссияға жіберіледі, сол кезде олардың анасын ата-ана құқығынан айыру немесе шектеу қою мәселесі қаралады", - деді ол.


Карина. © Медет Медресов/mgorod.kz

Еске сала кетейік, Оралда кішкентай балалары бар бір отбасы жаздың басынан бері орманда тұрып жатқан болатын. Олардың полиэтилен пленкадан жасалған күркесі Жайықтың жағасындағы саяжайлардан төрт шақырым жерде. Біржарым жастағы Камилла, үш жастағы Карина мен алты жастағы Альбинаның анасы бұрын өз шешесімен бірге тұрған, кейін арадағы жанжалдан соң ерлі-зайыпты орманға кетуге мәжбүр болған. 

Отағасы жүк тасушы болып жұмыс істейді. Ол Ташкентте туып-өскен, қазір қолында ешқандай құжаты жоқ. Ормандағы отбасында "қонақта болған" журналистердің айтуынша, олар саңырауқұлақ теріп жеген, суды жақын маңдағы құдықтан алып ішкен. 

Кейін Настя Еремина мен оның үш қызы әйелдерге арналған дағдарыс орталығына алынды. Мұнда төрт күн ішінде балалар біраз оңалып қалды. Алайда балалардың анасы мас күйінде орталыққа келіп, мамандар балаларды тартып алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети