10 қыркүйек 2014 15:35

Оралда құбыр тазалау кезінде адам қаңқасы табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©mgorod.kz ©mgorod.kz

Оралда құбырларды тазалау кезінде адамның қаңқасы табылды. "Мой город" порталының хабарлауынша, оны бүгін - 10 қыркүйекте қала тазалығына жауапты коммуналдық қызмет жұмысшылары Шаған жағалауындағы "Екі жауынгер" ескерткіші ауданынан тауып алды.

"Біздің жігіттер құбырды тазалай бастаған кезде адамның қаңқасын тапты. Содан кейін біз бірден жер бетіне шықтық, мен базаға қоңырау шалдым, олар полиция шақырды", - дейді бригадир Тоқболат Дәулетов. Оқиға орнына тергеушілер, сот-медицина сарапшылары және полицияның шұғыл қызметкерлері келді. Құқық қорғау органы қызметкерлері қаңқаның құбырға өзеннен ағып келуі мүмкін екенін болжап отыр. Мәйіттің үстінде көк түсті киім бар, ол спорттық кофта немесе джинсы болуы мүмкін.

Оқиға орнында полицейлер мен коммуналдық қызмет жұмысшылары арасында қаңқаны шығаруға қатысты талас туды. Тәртіп сақшылары сүйекті шашыратып алудан қорқатынын айтып, ол жұмысты коммуналдық қызмет өкілдеріне тапсырса, тазалаушылар "біз қаланы қоқыстан тазартқанымызбен, мәйіттерді тасумен айналыспаймыз" деп наразы болды. Ақыры қаңқаны құбырдан полицейлер тобы алып шықты. Қаңқа мәйітханаға сараптамаға жіберілді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети