15 тамыз 2015 13:40

Оралда өртеніп жатқан орманнан 100-ден аса адам эвакуацияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vesti.kz © Vesti.kz

Оралда өртеніп жатқан орманнан 100-ден аса адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды "Мой город".


Оралда өртеніп жатқан орманнан 100-ден аса адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды "Мой город".

Өрт 14 тамызда болған. Өрттің салдарынан қаланы түтін басты. Өртеніп жатқан аймақтан төрт адам құтқарылып, 104 адам эвакуацияланды. Сонымен қатар, "Тополек" бағбандық қоғамындағы бағбандарға тиесілі 20 автомобиль құтқарылды.

Оқиға орнында ТЖД қызметкерлері әлі де жұмыс істеп жатыр. Орал ТЖБ мәліметінше, құрғақ шөп өртенген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

"Өртенген аймақ 33-35 гектар болды. Өрт болған жерде ТЖД жеке құрамынан 137 адам, 29 техника және БҚО ІІД-нің 10 қызметкері жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады Орал ТЖБ баспасөз хатшысы.

Өрт сөндірушілер Екінші бағбан ауылы мен Сапаев атындағы шығанақта да жұмыс істеп жатыр. Онда өрт 14 тамызда күндіз басталған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети