18 наурыз 2015 11:48

Оралда перзентхана қызметкерінен туберкулез анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©mgorod.kz ©mgorod.kz

Оралда №2 перзентхананың қызметкерінен туберкулез анықталды, - деп хабарлайды "Мой город". Ақпарат құралының мәліметінше, басылымның редакциясына оқырмандардың бірі хабарласып, туберкулездің ашық формасымен ауыратын адамның жаңа туған сәбилердің қасында жұмыс істегенін және онымен дәрігердің де жақын араласуы мүмкін екенін айтты.

Перзентхана қызметкерлері әйелдің мекеме әкімшілігінде жұмыс істегенін айтты. Ал қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі толығырақ мәліметті ұсынды. "Әйел әкімшілікте жұмыс істеді, одан туберкулез анықталды. Қазіргі уақытта ол тексеріліп, емделіп жатыр. Ол жаңа туған сәбилермен, босанған келіншектермен, дәрігерлермен байланыс жасаған жоқ, қызметкерлер мен пациенттер тарапынан ешкім өз денсаулығына қатысты шағымданған емес", - деп хабарлады баспасөз қызметі. 

Заңнамаға сәйкес, туберкулездің жұқпалы формасы айналадағыларға қауіп төндіретін және міндетті түрде оқшаулануы тиіс ауру саналады. Қазақстанда бір науқасты емдеуге 936 мың теңгеден үш миллион теңгеге дейін қаражат бөлінеді. Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі ІІМ қызметкерлері ведомствоаралық ынтымақтастық шеңберінде емделуден бас тартатын науқастарды іздеуге жәрдемдесуі керектігін мәлімдеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети