"Орын бермегені үшін соққыға жықты". Қарағандыда 11 жастағы баланы сабап кетті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қарағандыда мектеп оқушылары пиццерияда орын беруден бас тартқан баланы ұрып-соққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда мектеп оқушылары пиццерияда орын беруден бас тартқан баланы ұрып-соққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Соққыға жығылған баланың анасы оқиғаның 26 қаңтарда сағат шамамен 15.00-де қаладағы пиццериялардың бірінде болғанын айтты. 

"Балам 11-де, ол пиццерияға достарымен бірге тамақтануға барған. Төртеуі. Тамақтанып отырған кезінде алты-жеті бала келіпті. Үлкендері де, жастылары да бар. Балам өзгелердің жанында үлкенірек көрінеді, спортпен айналысады. Пиццерияға келгендер оны семіз деп, орынды босатуын талап еткен. Балам тұрмай қойған. Бұдан кейін әлгі балалар ұлымды шығарып алып, төбелеске шақырған, балам төбелеске уақыты жоқ екенін айтқан, ата-анасымен қонаққа баратынын айтты. Ол ештеңе істемей тұрды, сонда балалардың бірі оған бетінен күтпеген соққы жасады. Ол құлады, қалған екі бала оны тепкілей бастады. Ұлымның достары кішкентай, ештеңе істей алмай, қарап тұрды", - дейді әйел.

Оқиға видеобақылау камерасына түсіп қалған. Видео кадрларынан құлаған баланы өзгелердің тепкілеп жатқанын көруге боалды. Қар үстіне тамған қан анық көрінеді.

"Шын мәнінде төбелес болды. Бірнеше жасөспірім біздің мекеменің алдында бір баланы соққыға жыққан. Өзіміз де не болғанын түсінбей қалдық. Қызметкерлеріміз камерадан бірдеңе болып жатқанын көріп, бірден далаға жүгіріп шықты. Келушілер мен көшедегілер бізге көмектесе бастады", - дейді ауысым менеджері Бекарыс Сәби.

Қазіргі уақытта бала үйінде. Анасының айтуынша, ол абырой болғанда ауыр жарақат алмаған, бірақ түні бойы ұйықтамапты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro