26 қазан 2015 13:56

Өскеменде тежегіші істен шыққан экскаватор сегіз көлікті соқты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© yk-news.kz © yk-news.kz

Өскеменде Грейдерная және Бажов көшелерінің қиылысында таңғы уақытта ірі жол апаты болды - тежегіші істен шыққан экскаватор сегіз көлікті соқты, - деп хабарлайды YK-avto.kz. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Оқиға бүгін, 26 қазанда болды. Көліктері бүлінген адамдардың айтуынша, көпірден түсіп келе жатқан арнайы техниканың тежегіші істемей қалған. "Бажов көшесінде бағдаршамды күтіп тұрғанбыз, көпірден түсіп келе жатқан көліктің өтіп кетуін күткенбіз. Осы уақытта бізге қарай жоғары жылдамдықта келе жатқан экскаваторды көрдік. Қаша алмай қалдық, себебі бағдаршамның қылы түсі жанып тұрды әрі көліктер бір-біріне өте жақын тұрды", - дейді куәгер. 

Салдарынан экскаватор сегіз автомобильді соқты: ГАЗель, ВАЗ 2101, Toyota Carina, Nissan Sunny, Toyota Carib, Mitsubishi Galant, Totota RAV-4 және УАЗ Patriot. Жолдағы кептелісті болдырмау үшін көліктер дереу жол жиегіне шығарылған. Алдын ала болжам бойынша, жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети