12 мамыр 2015 01:30

Өскеменнен 320 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Emsc-csem.org @Emsc-csem.org

Өскеменнен солтүстік-шығысқа қарай 320 шақырымда магнитудасы 3,6-ға тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығына сілтеме жасап. Жер асты дүмпуі 12 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 00.41-де болды. 

Жер сілкінісі Алтай республикасы аумағында болды. Жерасты дүмпулерінің ошағы 2 шақырым тереңдікте болған. Эпицентр Риддерден солтүстік-шығысқа қарай 250 шақырым, Зыряновск қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 218 шақырым қашықтықта болды.

Жер сілкінісінің адамдар мен ғимараттарға әсері туралы мәлімет жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети