01 сәуір 2015 12:59

Павлодар облысында автобус жүргізушісі жолаушыларды құтқару кезінде күйіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Николай Колесников ©Николай Колесников

Павлодарда болған жол апатында автобус жолаушыларын құтқару кезінде жүргізуші күйіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Павлодарда болған жол апатында автобус жолаушыларын құтқару кезінде жүргізуші күйіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты Павлодар облысында 31 наурызда кешкі уақытта болды. "Оқиға Павлодардан екі шақырым жерде "Семей-Павлодар" бағыты бойынша кетіп бара жатқан автобустың алдыңғы дөңгелегі мен автомобиль қанатының ішкі қаптамалары жана бастаған. Оқиға кезінде автобус салонында 20 жолаушы болған", - деді өңірлік Төтенше жағдайлар департаментіндегілер. Автобус жүргізушісі құтқарушылар мен өртсөндірушілер келгенше жолаушыларды эвакуациялап үлгерген. Алайда өзінің беті қатты күйіп қалыпты.

Өрт болған жерден 47 жастағы жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның қазіргі жағдайына орташа ауыр дәрежеде деген баға беріп отыр. "Ер адамның бетін күйік шалған. Зардап шеккен адамның сөзіне қарағанда, өртенген автобус дөңгелегін сөндіру кезінде баллон жарылған. Соның салдарынан еріген резеңкенің қалдықтары оның бетіне қарай төгілген", - деп хабарлады Павлодар қалалық бірінші ауруханасының күйік шалу бөліміндегілер. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт автобустың тежегіш қалыбының сыналауынан болған.

Еске сала кетейік, 2014 жылдың соңында Павлодар облысында болған жол-көлік оқиғасы кезінде полицейлер көлікпен балалар отырған автобусты жауып қалған болатын. "Қызылорда - Павлодар" автожолында Toyota Mark-2 автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі полицейлердің қызметтік көлігіне назар аудармастан жолда кетіп бара жатқан көлікті басып озбақ болған. Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған ол жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Көлік автобусқа соғылмас үшін жол полицейлерінің экипажы негізгі соққыны өздеріне қабылдады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети