18 ақпан 2017 15:59

Павлодар облысында балалар автобусын апаттан аман алып қалған полицей есін жиды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында балалар автобусын апаттан аман алып қалған полицей есін жиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар облысында балалар автобусын апаттан аман алып қалған полицей есін жиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

34 жастағы полиция сержанты Мұрат Нұрсейітовтың әріптестерінің айтуынша, ол комадан шықты.

"Мұрат есін жиды, жағдайы жақсарды. Бірақ ол әлі де жансақтау бөлімінде жатыр", - деді полицейдің әріптестері.

Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер де зардап шеккен ер адамның есін жиғанын растады. Бірақ оның жағдайы әлі де ауыр деп бағаланып отыр.Дәрігерлердің айтуынша, бүгін полицей біраз тамақтанды.

Полицей құтқарып қалған Баянауыл орта мектебінің оқушылары мен олардың бапкерлері жақын арада құтқарушысына барып қайтқысы келетіндерін айтып отыр. 

"Мен бірінші қатарда отырдым. Жол бойында ештеңе көрінбеді. Себебі жолды толықтай қар басқан. Балалармен әңгімелесіп келе жатқанбыз. Бірде біреу қатты айқайлап жіберді. Содан соққының даусын естідім. Автобустың терезелері сынып кетті. Біз ештеңені де түсінбей қалдық. Қатты қорықтық. Бапкерлер бізді тыныштандыра бастады. Бір қарасақ жолда біздің алдымызда келе жатқан полицейдің көлігі тұр екен", - деді Баянауыл мектебінің 4-сынып оқушысы Жарқын Әділ.

Автобустағы балалардың айтуынша, олар Павлодарға келе салысымен, ата-аналарына барлығы дұрыс екенін айтқан.

"Үйдегілер біздің жол апатына ұшырағанымызды білді. Анам мен әкем мен үшін қатты уайымдады, телефонмен сөйлескенде жылап жіберді. Еш жерім ауырған жоқ. Біз полицеймен не болды екен деп уайымдадық. Енді Мұрат ағаның жазылып кетуін асыға күтіп отырмыз. Оған барып қайтқымыз келеді. Біздің өмірімізді құтқарғаны үшін алғыс айтамыз", - деді балалардың бірі.

Еске салайық, бұл оқиға кеше болған еді. Баянауыл аудандық ішкі істер бөлімі полициясының қызметкерлері қызметтік Lada Granta көлігімен балалар отырған автобусты алып келе жатқан. Балалар Павлодардағы шаңғы жарысына қатысуға бара жатқан. Кенет Павлодар-Астана автожолында Қалқаман ауылының маңында КамАЗ жүргізіп келе жатқан 50 жастағы жүргізуші қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен. Жүк көлігі мен балалар отырған автобус соғыспауы үшін полиция старшинасы Мұрат Нұрсейітов ойланбастан қызметтік көлікті жолға көлденең бұрып үлгерген. Осыдан кейін автобусқа қарай келе жатқан КамАЗ полиция көлігін соққан. Жол апатының салдарынан полицей түрлі жарақатымен Павлодардағы ауруханаға жеткізілген. Автобуста 18 бала және оларды алып келе жатқан төрт тәрбиеші болған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети