29 наурыз 2014 18:40

Павлодар тұрғыны автовокзалдың жарылатынын хабарлаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодардағы автовокзал. ©Photopavlodar.semstar.com Павлодардағы автовокзал. ©Photopavlodar.semstar.com

Павлодарда телефон лаңкесі автовокзалды "жарып жібермек" болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне сілтеме жасап.


Павлодарда телефон лаңкесі автовокзалды "жарып жібермек" болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне сілтеме жасап.

"Бүгін, 29 наурызда белгісіз бір ер адамның "102" пультіне қоңырау шалып, автовокзалға жарылғыш зат қойылғанын айтқаны туралы хабарлама келіп түсті", - дейді төтенше жағдайлар қызметкерлері. Дабыл бойынша барлық шұғыл әрекет ету қызметтері аяғынан тік тұрды.

"Оқиға орнынан" 350 адам қауіпсіз жерге шығарылды, олардың арасында 52 бала бар. Ғимарат пен іргелес аумақ қоршауға алынды. Бомба туралы ақпарат вокзал жұмысын бірнеше сағатқа тоқтатып тастады.

"Тексеру барысында автовокзалдан жарылғыш зат табылмады. Бомба қойылғаны туралы ақпарат жалған болып шықты", - дейді департамент мамандары. Полицияның мәліметінше, қазір телефон лаңкесі іздестіріліп жатыр.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети