29 мамыр 2015 16:51

Павлодарда қолына жігітінің суретін ұстаған қыз бесінші қабаттан секіріп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Prokazan.ru © Prokazan.ru

Павлодарда бойжеткен бесінші қабаттан секіріп кетті, - деп хабарлайды 24.kz.


Павлодарда бойжеткен бесінші қабаттан секіріп кетті, - деп хабарлайды 24.kz.

Басылымның мәліметінше, жерде жатқан қыздың денесін көпқабатты үй маңынан өтіп бара жатқан адамдар көрген. Оқиға Кутузов көшесіндегі үйлердің бірінде болды. Полицейлер қыздың қолынан жас жігітпен түскен суретін және қалтасынан хат тапты. Хатта қыз баянсыз махабаттан осындай қадамға барғанын жазып кетіпті. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, осы үйде осыған ұқсас жағдай бірнеше рет болған.

Еске сала кетейік, биыл 14 мамырда Астанада екі оқушы қыз тұрғын үй балконынан секіріп кеткен болатын. 11-қабаттан құлаған екі қыз да көз жұмды. Мамандар "Суицид дерегі бойынша полиция қызметкерлері Құдайбердіұлы даңғылында болған оқиғаның жай-жапсары мен кәмелет жасқа толмағандарды мұндай қылмысқа итермелеген себепті анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деген мәлімдеме таратты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети