22 қазан 2014 10:33

Павлодарда түнгі клуб маңында жаппай төбелес болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Youtube.com ©Youtube.com

Павлодардың түнгі клубтарының бірінің кіреберісінде жаппай төбелес болды. Оқиғаның видеожазбасы жақында Интернетте пайда болды, - деп хабарлайды 24.kz.


Павлодардың түнгі клубтарының бірінің кіреберісінде жаппай төбелес болды. Оқиғаның видеожазбасы жақында Интернетте пайда болды, - деп хабарлайды 24.kz.

Видеодан жас жігіттердің бір-бірімен төбелесе бастағаны көрінеді. Оқиға болған жерге келген полицейлер ажыратқысы келсе де, олар төбелесті тоқтатпайды. Ер адамдардың бірі құлап түседі.

Жергілікті ІІД бұл деректі растады. Павлодарлық полиция баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл төбелестен ешкім жапа шекпеді, жұдырықтасқандар бір-біріне шағым түсіруден бас тартты. Қылмыстық іс қозғалмады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети