11 мамыр 2014 10:42

Петропавлда өрт бес адамның өмірін қиды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz мұрағатынан алынды Фото Tengrinews.kz мұрағатынан алынды

Қызылжарда жеке тұрғын үйлердің біріндегі өрттен бес адам ажал құшты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қызылжарда жеке тұрғын үйлердің біріндегі өрттен бес адам ажал құшты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"11 мамыр күні сағат 03:35-те екі қабатты пәтерлердің бірінде өрт тұтанған. Өрт сол күні сағат 04:10-де ауыздықталды, 05:43 кеткенде түгелімен сөндірілді. Тілсіз жау 42 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт болған жерден екі ер адам мен екі әйел адамның мәйіті табылған, ал қаза болған бесінші кісінің жеке басы анықталу үстінде.

Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамның 17 қызметкері мен Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД төрт өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған", - делінген таратылған хабарламада. Өрттің тұтану себебі әлі анықталған жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети