25 желтоқсан 2014 17:14

Петропавлда полицей осымен екінші рет адамды судан құтқарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото frant.me сайтынан алынды Фото frant.me сайтынан алынды

Петропавлда ішкі істер басқармасының жол-патруль полициясының батальоны Есіл өзенінде мұз астына түсіп кеткен ер адамды құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға қаланың Жеңіс саябағына жақын ауданында кешкісін болды. Полиция сержанты Руслан Қыдырмин адамды осымен екінші рет судан құтқарып отыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 желтоқсан күні түнде ІІД жедел басқару орталығы полицияға Есіл өзеніне ер адамның құлап кеткенін хабарлаған. Оқиға орнына жол-патруль полициясының экипажы, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен дәрігерлер жетті, ол кезде ер адам ес-түссіз болған. Құтқарушылар ер адамды судан шығарып алып, ауруханаға апарды. Кейін 28 жастағы Владимир Әбішевтің үйіне жылдам жету үшін мұз үстімен өзеннің арғы жағасына шықпақ болғаны анықталды. Бірақ жағаға он метрдей қалғанда, мұз жарылып, ол суға құлап кеткен.

Владимирдің айтуынша, ол телефонмен досына хабарласып үлгерген, ал досы полицияға хабар береді.

Айта кетейік, Петропавлда мұндай оқиға бірінші рет тіркеліп отырған жоқ, 2011 жылы сәуірде тап осы жерде тағы бір ер адам жолды қысқарту үшін мұз үстімен жүріп, суға батып кете жаздаған. Бір қызығы, оны да сол түні кезекші болған, Владимирді құтқарған полиция сержанты Руслан Қыдырмин мұз астынан алып шықты.

Еске сала кетейік, жақында Ақтөбеде табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері мұз астына түсіп кеткен балықшыны құтқарып қалған еді. Мұз астына түсіп кеткен 37 жастағы ер адамды табиғатты қорғау полициясы Елек өзенінің жағалауында рейд жасап жүрген кезде байқап қалады. Ер адам тоңып қалған, бірақ тез есін жинады және қазіргі уақытта балықшының денсаулығы жақсы екені хабарланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети