07 ақпан 2016 11:22

Полицей жол апатынан кейін камера алдында қарсы бағытқа шығып кеткенін мойындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Полицей жол апатынан кейін камера алдында қарсы бағытқа шығып кеткенін мойындады. Видео Tengrinews.kz редакциясына келіп түсті. 


Полицей жол апатынан кейін камера алдында қарсы бағытқа шығып кеткенін мойындады. Видео Tengrinews.kz редакциясына келіп түсті. 

Жол-көлік оқиғасы 2016 жылдың 1 ақпанында болған. Жол апатындағы көліктердің Ақмола және Алматы облыстарының мемлекеттік номерлері бар. 

Видеода беті қан-жоса болған полицей көрінеді. Жол-көлік оқиғасының қатысушылары оған видеокамерамен жақындап келіп, оның қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, соқтығысқанын мойындауын сұрайды. Полицей болса шын мәнінде қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткенін, себебі мұзтайғақтан тізгінге ипе бола алмағанын мойындайды. 

Полиция формасын киген ер адамның қайда жұмыс істейтіні әзірше белгісіз. Кейбір мәліметтерге қарағанда, жол апаты Ақмола облысында болған.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети