08 мамыр 2014 12:35

Полицейді қағып кеткен экс-шенеунікті қамауда қалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Павлодар облысында полицейді қағып кеткен экс-шенеунік  Жанат Сматаев қамауда қалдырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 


Павлодар облысында полицейді қағып кеткен экс-шенеунік  Жанат Сматаев қамауда қалдырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Баспасөз қызметі мәлімдеп отырғандай, ұсталған  экс-шенеуніктің  қорғаушысы қамауға алу туралы сот шешіміне қатысты шағымданып, Жанат Сматаевты кепілге беруді сұраған.

Бірақ баспасөз қызметі  "Сматаев ауыр қылмыс бойынша жауапқа тартылып отыр. "Ол  құқық қорғау қызметкерінің денсаулығына зиян келтіріп, өміріне қауіп төндірді. Оқиға орнынан қашып кетті" деген  баппен жауапкершілікке тартылуда. Сондықтан сот оның қорғаушысының шағымын қанағаттандырмады" дейді. 

Еске салайық, биылғы жылдың сәуір айында Павлодар облысы, Ертіс ауданы аппаратының басшысы 29 жастағы  Жанат Сматаев Мерседес көлігін ішімдік ішкен күйінде басқарған.

Ол өзін тоқтатқан полиция қызметкерін қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Жәбірленушіні тастап қашқан ол артынша ұсталып, қамауға алынған болатын. 

Бұдан соң Жанат Сматаевқа  "Құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қауіп төндірді" деген баппен қылмыстық іс қозғалып, сот санкциясы бойынша екі айға қамауға алынған болатын. 

Кейбір деректерде Сматаев жол көлік оқиғасы болардан  бірнеше күн бұрын Ертіс аудандық аппаратының басшылығынан босатылғаны мәлімделген.

Дегенмен әкімшіліктің ресми сайтында оқиға болғаннан кейін де оның "басшылық қызмет атқаратыны" бірнеше күн бойы көрсетіліп тұрған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети