05 желтоқсан 2016 14:27

Полицейлер Ақмола облысында болған жол апатының мән-жайын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет әлеуметтік желіден Сурет әлеуметтік желіден

Полицейлер Ақмола облысында болған жол апатының мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Полицейлер Ақмола облысында болған жол апатының мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақмола облысының ІІД-нің баспасөз қызметінің басшысы Гүлнар Пинчук Петропавл-Астана тас жолында болған жол апатының хронологиясын айтып берді. 

"Көру мүмкіндігінің төмендігіне байланысты, боран соғып, көктайғақ болуына байланысты Nissan Cefiro маркалы жеңіл көлігі алдында келе жатқан автомобильмен соғысқан. Nissan жүргізушісі не болғанын көру үшін сыртқа шыққан. Осы кезде артынан Оңтүстік Қазақстан облысына бара жатқан автобус келе жатқан. Автобус Nissan Cefiro көлігін соғады. Соққыдан көлік шетке шығып қалып, есіктері құлыпталып қалған. Nissan Cefiro көлігінде отырғандар байбаламға салады. Жүргізуші алдыңғы есіктен кішкентай баланы алып шығып, біреуге ұстатып үлгерген. ОҚО-ға бара жатқан автобус соғысқаннан кейін, көлікті айналып өтіп, Nissan Cefiro алдына тұрады. Осы кезде 1966 жылғы ер адам соғысқан көліктің артына келіп, Nissan жүргізушісімен бірге адамдарды артқы жүк салғыштан шығармақшы болады. Осы кезде Щучинск-Бурабайдан Астана бағытында жүретін салонында 49 адамы бар автобус Nissan Cefiro көлігінің артынан соғады. Көмекке келген ер адам мен жолаушылар оқиға орнында қайтыс болады. Nissan Cefiro жүргізушісін шетке лақтырып жіберген", - деді Гүлнар Пинчук.

Сонымен қатар, өңірлік ІІД-нің мәліметінше, жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 

Еске салайық, Ақмола облысында жолаушылар таситын автобус пен жеңіл көлік соғысып, төрт адам қаза тапқан. Жол апаты сағат 14.10-да Атамекен ауылынан 10 шақырым жерде болған. Полиция мәліметінше, 49 жолаушысы бар Бурабайдан шыққан автобус Астанаға барар жолда алдында кетіп бара жатқан Nissan Cefiro артынан соққан. 

Жеңіл көлікте отырған үш әйел автомобильдің салонында қайтыс болған. Сонымен қатар, автобус соққыдан кейін, жол бойында тұрған ВАЗ-2106 көлігінің жүргізушісін қағып өлтірген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети