29 маусым 2017 16:35

Полиция Павлодарда қапшықтан өлі сәбидің табылуына қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция Павлодарда қапшықтан өлі сәбидің табылуына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Полиция Павлодарда қапшықтан өлі сәбидің табылуына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"1 Мамыр көшесіндегі үйлердің бірінің кіреберісінде полиэтилен пакетте жатқан сәби табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, сәби 4-5 айлық", - деп хабарлады өңірлік полиция департаментіндегілер.

Сондай-ақ, полиция өкілдері осы дерек бойынша тексерістің жүріп жатқанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Еске сала кетейік, осыған дейін Павлодарда аулада жатқан қапшықтан өлі сәбидің табылғаны жайлы хабарланған болатын. Пакетті жергілікті Пәтер иелері кооперативінің аула сыпырушысы тауып алған. Куәгерлердің айтуынша, үйлердің бірінің алдында қалдырылған пакеттің ішіндегі сәби өлі болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети