28 маусым 2017 19:34

Полиция сот ғимаратында соққы көрген адвокатқа қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жанна Уразбахова. Сурет facebook желісінен алынды Жанна Уразбахова. Сурет facebook желісінен алынды

Алматы ІІД өкілдері белгілі адвокат Жанна Уразбахова сот ісіндегі қарсы тараптан соққы көргеніне байланысты пікір білдірді, бұл оқиға Алматы қалалық кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының территориясында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ер адам соққы жасап, қашып кеткен.

"Іс материалдарына қатысты Бостандық аудандық ІІБ полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 108-бабы бойынша тіркелді. Арызда көрсетілген адамдар анықталды. Ертең полиция жеке айыптау бойынша істі сотқа жібереді", - деді Алматы ІІД өкілдері. 

Еске салайық, 27 тамызда, кешкі уақытта белгілі адвокат Жанна Уразбахова сот ісіндегі қарсы тараптан соққы көргенін мәлімдеді, бұл оқиға Алматы қалалық кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының территориясында болған. Ер адам соққы жасап, қашып кеткен.

Жанна Уразбахованың айтуынша, ювенал сотында процеске дайындық болған. Айтуынша, жауапкер - клиентінің бұрынғы күйеуі - өте ашулы болған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети