04 қыркүйек 2014 12:05

Радиоактивті затты тапқан адамға 1,5 миллион теңге беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©lada.kz ©lada.kz

Маңғыстау облысында жоғалған цезий-137 радиоактивті затын тасымалдаумен "Қазпромгеофизика" компаниясы айналысқан, - деп хабарлайды "Лада" ақпараттық порталы. Компанияның директоры Марат Бижанов бұл ақпаратты растады. Қазір ол да контейнерді іздестіру жұмыстарына қатысып жүр.  


Маңғыстау облысында жоғалған цезий-137 радиоактивті затын тасымалдаумен "Қазпромгеофизика" компаниясы айналысқан, - деп хабарлайды "Лада" ақпараттық порталы. Компанияның директоры Марат Бижанов бұл ақпаратты растады. Қазір ол да контейнерді іздестіру жұмыстарына қатысып жүр.  

"Қазпромгеофизика" компаниясының маңғыстаулық филиалы мұнай өндіру, геохимия, геотехника мен геология саласындағы инжиниринг, сондай-ақ жобаларды дайындаумен айналысады деген ақпарат бар. Бұдан бөлек, компания геофизикалық таспаға түсіру мен барлау бойынша қызмет көрсетеді.  

Бүгінде қауіпті жүкті тапқан адамға 1,5 миллион теңге көлеміндегі сыйақы белгіленіп отыр. Контейнер тамыздың 27-сінен бері табылмай жатыр. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, радиоактивті зат көлік жүргізушісінің немқұрайлығынан Сайөтес пен Шетпе кенттері арасында жоғалған. "Контейнер табылса, оны ашпай, дереу құқық қорғау органдарына тапсыруды сұраймыз. Себебі цезий қоршаған орта мен адам өміріне үлкен қауіп төндіреді", - дейді тәртіп сақшылары.

Контейнерді іздестіру жұмыстарына ұлттық қауіпсіздік қызметі мен ұлттық гвардияның сарбаздары тартылды. Ал Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев арнайы штаб құрып, қауіпті затты іздестіру жұмысына өзінің орынбасары Әнуар Шөжеғұловты жауапты етіп қойды. Штабтың құрамына төтенше жағдайлар департаменті, экологтар мен "Қазатомөнеркәсіп-МАЭК" (Маңғыстау атом электр комбинаты) ЖШС мамандары енді.

Контейнердің салмағы - 50-60 келі. Биіктігі - 30 см, диаметрі - 20 см. Оны тапқан адамға 1,5 миллион теңге көлеміндегі сыйақы берілмек. Облыстың ішкі істер департаметінің телефоны: 8 (7292) 47-50-15. Сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік қызметінің облыстық департаментіне хабарласуға болады. Байланыс телефоны: 8 (7292) 42-02-42.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети