26 шілде 2016 11:59

Сафар Шәкеевті іздестіру шаралары кезінде кездейсоқ табылған жігіттің анасы келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Facebook © Facebook

Алматыда Сафар Шакеевті іздестіру жұмыстары барысында табылған жігіттің анасы келді, - деп жазды Бекнұр Кисиков өзінің Facebook парақшасында "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.


Алматыда Сафар Шакеевті іздестіру жұмыстары барысында табылған жігіттің анасы келді, - деп жазды Бекнұр Кисиков өзінің Facebook парақшасында "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Еске салайық, Сафар Шакеевті іздестіру жұмыстарына белсенді қатысып жүрген Бекнұр Кисиков осыған дейін  № 7 ауруханада ес-түссіз жатқан жігітті көрген болатын. Бекнұр өзін Махмұд Әлиев деп таныстырған жігітті жансақтау бөлімінде байқаған. Кейінірек ол жігіттің ауруханада үш апта жатқаны анықталды. Жансақтау бөлімінде жатқан жігіт өзінің қайда жатқанын және үйі қайда екенін де білмеген. Оны 4 маусымда көлік қағып кетіп, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген екен. Дәрігерлер науқастың бассүйегі зақымданғанын және онда бассүйек ішіндегі гематома бар екенін анықтады. Ісікті алып тастау үшін екі сағаттық ота жасалған. Отадан кейін науқас екі апта жансақтау бөлімінде жатқан. Дәрігерлердің айтуынша, ол өлімнен әлдеқалай құтыла алды.

Телеарнаның мәліметінше, дәрігерлер мен полицейлердің жүргізген іздестіру жұмыстары еш нәтиже бермеген. Еріктілер оның суретін әлеуметтік желілерге жүктегеннен кейін ғана оны туыстары таныған екен. Айта кетейік, 25 шілдеде оның анасы Алматыға Семейден келді. Ауруханада үш апта ес-түссіз жатқан жігіттің аты-жөні Махмұд Алинов екен. Оның жасы 33-те және ол қаладағы базарладың бірінде күзетші болып жұмыс істейді екен. Дәрігерлердің айтуынша, Алинов енді ұзақ уақыт ем алады. Сегіз айдан кейін оған тағы бір ота жасалуы керек.

Сондай-ақ, Алматыда Сафар Шәкеевті іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кисиковтің айтуынша, Сафарды іздестіру жұмыстары қалай жүріп жатқаны туралы Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей және басқа да елдердің азаматтары сұрап жатыр. Барлығы Сафар үшін уайымдап отыр. Мен барлық тілекті Еркешке жеткіздім. Ол сіздердің қолдап отырғандарыңызға алғысын айтты", - деп жазды Бекнұр.

Сонымен қатар, Бекнұр Сафардың былтыр әлеуметтік жарнамалар туралы байқауда бірінші орын алғанын еске түсірді. 

Соңғы рет оны әл-Фараби даңғылындағы "Казкоммерцбанк" орталық бөлімшесінде таңғы сағат 7.00-де көргендер бар. Сафар Шәкеев қызғылт түсті футболка мен көк джинс киген. Ертеректе Шәкеевті іздестіруге 50-ге жуық полицей жұмылдырылған мобильді топтардың жұмыс жасап жатқандығы хабарланған. 1991 жылғы Сафар Шәкеевтің із-түссіз жоғалғаны туралы хабар Медеу аудандық ішкі істер басқармасына 2016 жылдың 16 шілдесінде сағат 22.00-де түскен.

Оны көргендер мен мәліметі барлардан мына телефондар арқылы хабарласу сұралады: 8 (747) 626-48-54, 8 (701) 787-88-87, 8 (775) 478-87-71.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети