12 тамыз 2021 | 15:59

Салық төлемей жүрген алматылық жүргізуші "Сергек" арқылы анықталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғыны салық төлемегені үшін 30 миллион тұратын жол талғамайтын көлігінен уақытша айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.


Алматы тұрғыны салық төлемегені үшін 30 миллион тұратын жол талғамайтын көлігінен уақытша айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, ер адам Chevrolet Tahoe көлігі үшін 1,1 миллион теңге салық төлемеген. Жол талғамайтын көлік полиция қызметкерлері, жеке сот орындаушылары және Әділет өкілдерімен бірлесіп жүргізілген рейд барысында анықталған. Көлік "Сергек" камералары арқылы ұсталды.

Келесі күні автокөлік иесі қарызды өтеп, оған жол талғамайтын көлік қайтарылған.

"Жалпы Алматы бойынша автокөлікке төленбеген салықтың жалпы сомасы - 4,2 миллиард теңге. Бұл шамамен 58 мың көлік. Рейдтік іс-шаралар жылдың соңына дейін өтеді", - делінеген хабарламада.

Сот орындаушылары борышкерлердің банк есепшоттарын бұғаттап, олардың мүлкін тәркілейді, сондай-ақ шетелге шығуға тыйым сала алады.

"Сонымен қатар, борышкерлер әлеуметтік төлемдер немесе жәрдемақылар, білім беру депозиттерін алу үшін қажетті есепшоттардан басқа шоттар аша алмайды. Салық міндеттемелері өтелмеген жағдайда борышкерлерге өсімпұл есептеледі. Көлік салығын 2020 жылға салық 1 жылдың 2021 сәуіріне дейін төленуі керек. Алматы қаласының барлық тұрғындарын уақытылы салық төлеуге шақырамыз", - деп толықтырды ведомство өкілі.

Салықтарды E-Salyq Azamat мобильді қосымшасы, Egov порталы, "Қазпошта" бөлімшелерінде, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасы арқылы төлеуге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети