24 шілде 2014 18:09

Семейде адамдардың тойда неден уланғаны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Семей қаласында тойға қатысқан адамдардың жаппай улануының себебі мейрамханада санитарлық талаптардың өрескел бұзылуынан болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі агенттікке сілтеме жасап.


Семей қаласында тойға қатысқан адамдардың жаппай улануының себебі мейрамханада санитарлық талаптардың өрескел бұзылуынан болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі агенттікке сілтеме жасап.

"Тексеруге жіберілгендердің барлығына орта деңгейлі сальмонеллез диагнозы қойылды. Зертханадағы тексеруден кейін той дастарханына қойылған бірқатар азық-түлік түрлерінен патогенді бактериялардың бары анықталған. Одан бөлек мейрамхана қызметкерлердің бактерия тасымалдаушы екені де белгілі болғандықтан олар да жұқпалы инфекциялардан емдеуші дәрігерлердің қарауына жіберілген", - делінген хабарламада.

Мейрамхана басшыларына айыппұл салынып, әкімшілік жауапқа тартылғандықтан, бұл материал санитарлық талаптар қалыпқа келгенге дейін мейрамхана жұмысын уақытша тоқтату үшін сотқа жіберілген.

Мамандардың айтуынша, тойда болған адамдардың жаппай улануына "Дастан" мейрамханасындағы әзірленген салат түрлері себеп болыпты. Ондағы басты кемшілік талапқа сай азық-түлік дайындайтын, ыдыс-аяқтарды жууға арналған арнайы орындардың болмауы айтарлықтай әсер еткен. Сондай-ақ, дайын ас мәзірін сақтайтын жердегі температураның шамадан тыс жоғары болуы да айтарлықтай кері әсер еткені белгілі болып отыр.

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметі органдары жүргізген алдын алу шарасы арқасында инфекцияның тұрмыстық қатынас жолымен тарап кетпеуіне тосқауыл қойылған. Бүгінге дейін ауруханаға жатқызылған науқастардың барлығы үйлеріне шығарылды.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, шілденің 5-і мен 8-і аралығында аурухана бөлімшелеріне уланған деген күдікпен тойға қатысқан 138 адамның 41 түскен болатын. Олардың барлығы шілденің 4-і күні "Дастан" мейрамханасында өткен тойға қатысқан екен.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети