19 маусым 2015 14:24

Семейде екі бүлдіршін тоңазытқыштың ішінде қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ntv.ru © Ntv.ru

Семейде тоңазытқыштың ішіне ойнап кірген екі бүлдіршін ауа жетпей, тұншығып өлді, - деп хабарлайды Yk-news.kz ШҚО жұмылдыру дайындығы басқармасына сілтеме жасап.


Семейде тоңазытқыштың ішіне ойнап кірген екі бүлдіршін ауа жетпей, тұншығып өлді, - деп хабарлайды Yk-news.kz ШҚО жұмылдыру дайындығы басқармасына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, төрт және алты жастағы екі бала 18 маусымда кешке қарай саяжайда ойнап жүрген. Жақын туыс болып келетін бүлдіршіндер көне тоңазытқышқа кіріп кетіп, кейін есігін аша алмай қалған. Олар ауа жетіспеушілігінен көз жұмды.

Еске сала кетейік, осыған дейін Астанада екі жасар бала 11-ші қабаттан құлап, мерт болған еді. Оқиға мамырдың 25-сі күні елорданың Сарыарқа ауданындағы "Батыс" тұрғын үй кешенінде болды. "Күндіз сағат 16:04-те 12 қабатты "Батыс" тұрғын үй кешенінің 11-ші қабатынан 2012 жылы туған бала құлап, сол жерде мерт болды", - делінген ТЖД ресми хабарламасында.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети