26 желтоқсан 2014 20:17

Семейде жасөспірім екі баланы өрттен құтқарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өртенген үй. ©ШҚО ТЖД баспасөз қызметі Өртенген үй. ©ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Семей қаласына қарасты Шақаман ауылында 14 жастағы жасөспірім екі кішкентай баланы өрттен құтқарды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Семей қаласына қарасты Шақаман ауылында 14 жастағы жасөспірім екі кішкентай баланы өрттен құтқарды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

26 желтоқсан күні Шақаман ауылындағы жеке үйлердің бірінің қарт тұрғыны бес жасар немересі мен оның үш жасар досын сырттарынан кілттеп кетеді. Осы кезде үйдегі балалар сіріңкемен ойнаймыз деп, ағаш еденге от тигізіп алады. Жалын жиһаздарға жайыла бастайды. Терезеден сыртқа түтін шығып жатқанын көрген 14 жастағы көрші Санжар Сүйежанов бірден есікті бұзып кіріп, ыс иісіне қарамастан, екі баланы жалыннан құтқарып қалды. 

Ол балаларды үйіне алып келіп, өртсөндірушілерге хабар береді. Жалынды ауыздықтауға облыстық ТЖД-ның өртке қарсы қызметінің 10 маманы мен екі автоцистерна келді. Қазір өрттің себеп-салдары мен шығыны анықталып жатыр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстанда сегіз жастағы баланың қарындасы мен екі інісін өрттен құтқарғаны хабарланған еді. Оқиға 10 желтоқсан күні Ұлан ауданындағы Бозанбай ауылында болды. Өртке оранған жеке үйлердің бірінде төрт бала қалып қояды. Бұл кезде ата-анасы балаларын сырттарынан кілттеп, дүкенге кетіп қалған. Балалардың ең естияры Шыңғыс Естай үй жалынға оранған кезде терезені сындырып, үш бауырын сыртқа шығарады. Түтінге қарамастан, үйдегі барлық қажет құжаттарды да алып шыққан. Төтенше оқиға кезінде жалаңаяқ жүгірген бала аяғын жарақаттап алған. Жергілікті билік баспанасыз қалған отбасыға материалдық көмек көрсетіп, ержүрек баланы марапатқа ұсынды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети