20 қаңтар 2015 10:20

Семейде саунасы өртенген қонақүйден 70-ке жуық адам қауіпсіз жерге шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ШҚО ТЖД баспасөз қызметі ©ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Семей қаласындағы "Семей" қонақүйінде өрт шығып, 70-ке жуық адам қауіпсіз жерге шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Семей қаласындағы "Семей" қонақүйінде өрт шығып, 70-ке жуық адам қауіпсіз жерге шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өрт сөндіру орталық байланыс пунктінің диспетчеріне өр туралы ақпарат кеше кешкі 18.22-де түсті. "Семей" қонақүйінде сауна өртеніп кетті. Өрт болған жерге 10 техника барды", - деп хабарлады баспасөз өкілдері. Жанып жатқан ғимараттан 68 адам қауіпсіз жерге шығарылды, зардап шеккендер жоқ. Өртсөндірішілердің айтуынша, қонақүйге жалғанып соғылған бір қабатты ғимаратта ағаштан жасалған құрылыстың қабырғасы, төбесі өртенді. Бассейн бөлмесінде пластиктен жасалған есіктің жақтаулары мен сылақтары жанған. Барлығы 20 шаршы метрді жалын шарпыды. 

Өрт сөндіруге жеке құрамның 52 адамы жұмылып, өрт шыққан уақыттан кейін бір жарым сағат өткенде тілсіз жаудың бетін қайтарды. Әзірше өрттің шығу себебі қысыммен істейтін ыдыстардың құрылымы мен қауіпсіз пайдалану ережесі мен қауіпсіздік ережесін сақтамау деген болжам айтылып отыр. Кінәлілер мен келген шығын көлемі анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы мектепте өрт шығып, 200-ден астам баланың эвакуацияланғаны хабарланған болатын. Мектептегі сабақ кезінде кабинеттердің бірінде ағаштан жасалған екі жиһаз, еден, музыкалық аппаратура, пластиктен жасалған терезе мен есік конструкциялары өртенді. Барлығы 20 шаршы метрді өрт шалды. Мұғалімдер мен оқушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети