12 қараша 2015 16:04

Семейде сүйіктісімен ұрсысып қалған жігіт өзін-өзі өртеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Семейде сүйіктісімен ұрсысып қалған жігіт өзін-өзі өртеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға 11 қараша күні кешке болды.


Семейде сүйіктісімен ұрсысып қалған жігіт өзін-өзі өртеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға 11 қараша күні кешке болды.

Өзіне қол салған 25 жастағы жігіт түнгі сағат 23.30 шамасында ауруханаға жеткізілді.

"Жігіт ІІ және ІІІ дәрежелі беттің, мойынның, кеуденің, қолдың және аяқтың термиялық күйігін алды, тері беткі қабатының 80 пайызы күйіп қалған. Тексеру барысында жігіттің сүйіктісімен сөзге келіп қалып, үйінің ауласында үстіне бензин құйып, моншаға кіріп, есігін құлыптап алып, өзін өртегені анықталды. Осыдан кейін ол есікті ашып, моншаның кіреберісіне құлаған", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметіндегілер.


Оқиға орны. © Tengrinews.kz

Айта кетейік, оқиға орнына өрт сөндірушілер шақыртылмаған. Зардап шегушіні жедел жәрдем қызметкерлері алып кеткен. Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайына аса ауыр деген баға берілді.

Еске сала кетейік, осыған ұқсас оқиға Көкшетауда болды. Ол кезде 20 жастағы жігіт азаматтық некедегі әйелімен жанжалдасып, өзін-өзі өртеді. Жігіттің денесінің 97 пайызы күйіп қалған. Ол 3 қараша күні сағат 15.20-да ауруханада көз жұмды.

Сонымен қатар, 24 қазан күні сағат 10.30 шамасында Тараз қаласының орталық алаңында 20 жастағы жігіт өзін-өзі өртеп жіберді. Күю салдарынан жігіт қалалық ауруханада қайтыс болды. Өртеу алдында ол болған жағдайға полиция қызметкерінің кінәлі екенін хабарлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети