10 қараша 2014 12:06

Шекарашылар екі күн ішінде 270-тен астам адамды ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Өткен демалыс күндері Қазақстан шекарашылары заң бұзған 270-тен астам адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.


Өткен демалыс күндері Қазақстан шекарашылары заң бұзған 270-тен астам адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.

"Қорғас" өткізу бекетінің наряды белгіленген мерзімде ел аумағынан шығудан жалтарған Қытайдың 7 азаматын ұстады. Олар Қазақстаннан жаяу шықпақ болғанда қолға түсті.

Сарыағаш шекара жасағының қызметкерлері де рейд барысында дәл осындай себеппен Өзбекстанның 134 адамын ұстады. Олар елдеріне белгіленген мерзім өтіп кеткеннен кейін қайтпақ болыпты.

Бұған қоса, өткен тәуліктерде шекара тәртібін бұзған тағы 130 адам қолға түсті. Олардың арасында Қазақстан Республикасының аумақтық және ішкі суларындағы шекараны заңсыз кесіп өткендер бар. 

Шекара қызметі ұсталғандардың әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын хабарлады. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети