12 желтоқсан 2014 19:44

Шенеуніктің қатысы бар жол апатынан бір адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©static.ngs.ru ©static.ngs.ru

Қарағанды облысындағы Нұра-Сарысу бассейнінің шенеунігі жасаған жол-көлік оқиғасынан бір адам қайтыс болып, Ресей Федерациясының бір азаматы жапа шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жедел медициналық жәрдем" орталығына сілтеме жасап.


Қарағанды облысындағы Нұра-Сарысу бассейнінің шенеунігі жасаған жол-көлік оқиғасынан бір адам қайтыс болып, Ресей Федерациясының бір азаматы жапа шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жедел медициналық жәрдем" орталығына сілтеме жасап.

Қарағанды-Балқаш тас жолында Ақсуға он шақырым жетпей Қарағанды облысы Нұра-Сарысу су қорын қолдану және қорғау жөніндегі мемлекеттік бас инспектордың орынбасары Niva автокөлігімен қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, Volvo автокөлігімен соғысты.

"Niva көлігінде болған шенеуніктің әкесі алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Өзі және Volvo жүргізушісі, Ресей Федерациясының азаматы аз-кем жарақат алып, дәрігерге көрінуден бас тартты", - деп хабарлады Қарағанды облысы "Жедел медициналық жәрдем" орталығының өкілдері.

Жол-көлік оқиғасының куәгерлері Niva автокөлігінің мемлекеттік нөміріне қарап, қызмет көлігі екенін және Қазақстан су ресурстары жөніндегі комитеттің қоршаған орта және су ресурсы облыстық инспекциясының есебінде екенін айтады. Шенеунікке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы - "Кісі өліміне әкеп соқтырған жол қозғалыс ережесін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Еске сала кетейік, Қарағанды облысында 7 желтоқсанда болған жол-көлік оқиғасында екі полицей қайтыс болған еді. Ішкі істер департаментінің мәліметінше, жолдың ұзын бұрылысында Бұқар жырау аудандық ІІБ кезекші бөлімінің бастығы Рамазан Ахметов ВАЗ-21102 руліне ие бола алмай қалып, қарсы бағытқа шығып кетеді де, Volkswagen Passat-пен түйіседі. Соққыдан рульдегі полицей мен оның мемлекеттік автоинспекцияның аға инспекторы болып жұмыс істейтін әріптесі Рахат Әдешев оқиға орнында қайтыс болды. Volkswagen жүргізушісі - Ресей азаматы. Қарағанды облысындағы жол-көлік оқиғасы кезінде ол жеңіл жарақат алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети