26 ақпан 2017 19:06

ШҚО-да құлаған тікұшақтың бортында кім болған?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24.kz © 24.kz

Шығыс Қазақстан облысында құлаған жеке меншіктегі С-341 тікұшағының бортында ұшқыш пен бір жолаушы болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шығыс Қазақстан облысында құлаған жеке меншіктегі С-341 тікұшағының бортында ұшқыш пен бір жолаушы болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО ТЖД мәліметінше, ұшақ бортында П. Устинов және жолаушы А. Ақбаев болған. 

"Ұшқыш қаза тапқан. Жолаушы ауылға жеткізілді", - деп хабарлады ТЖ комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов. 

Еске салайық, жеке меншіктегі С-341 тікұшағы кеше Үржар ауданындағы Қожа ауылынан ұшып шығып, Аягөз ауданындағы Ақшатау ауылына қонуы керек болған. Куәгерлер тікұшақтың Айғыздың үстінен ұшқанын көрген. Алайда жетер жеріне жетпеген. 25 ақпанда сағат 18.30-да пилот байланысқа шықпаған. Тікұшақтың жоғалған аумағы деп Айғыз бен Ақшатау ауылдарының арасындағы 100 шақырым жер аталып отыр. Кейінірек жоғалған тікұшақ Аягөз қаласынан 60 шақырым жерден табылғаны хабарланды.

ШҚО ТЖД Дағдарыс орталығында және Аягөз ауданында жедел штаб құрылған.

Іздестіруге ШҚО ТЖД және аудандық ІІБ-нің 29 адамы жұмылған, 4 дана техника тартылған. Жергіліктік атқару органының жеке құрамының 10 адамы мен 5 дана техника тартылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети