11 қараша 2015 14:22

ШҚО-да пышақ жарақатын алған шенеуніктің көршілері шабуылдың қалай жасалғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елдос Чикенов. © facebook.com Елдос Чикенов. © facebook.com

Шығыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Елдос Чикеновтің көршілері оған жасалған шабуылға қатысты өз нұсқаларын айтты, - деп хабарлайды YK-news.kz.


Шығыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Елдос Чикеновтің көршілері оған жасалған шабуылға қатысты өз нұсқаларын айтты, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Чикенов тұратын Комсомольская көшесіндегі үй тұрғындарының айтуынша, бұзақылар оны үйдің кіреберісінде күтіп тұрған, ол кезде шенеунік жұмысқа бара жатыпты. Шабуыл үйдің кіреберісінде таңғы сағат 8-9 аралығында жасалды.

"Бұған дейін екі бейтаныс жігіт көршіміздің домофонына қоңырау шалып, есікті ашуды сұрады, олар өздерін көршіміз деп таныстырды. Әйел оларды кіргізіп жіберді. Елдос Чикенов пәтерінен шыққан кезде үйдің кіреберісінде тарсылдаған дыбыстар естіліп, шу шықты, осыдан кейін екі жігіт үйден асығып шығып кетті. Елдос пәтеріне өзі барды. Осыдан кейін жедел жәрдем мен полиция келді", - деді шенеуніктің көршілері.

Тұрғындардың хабарлауынша, шенеунікті үйдің ауласында қызметтік көлігінде жүргізушісі күтіп отырған. Жүргізуші Чикеновке шабуыл жасағандардың түрін есте сақтап қалуы мүмкін, тіпті олардың кім екені сол арқылы анықталуы да ғажап емес. Алайда құқық қорғау органдарындағылар бұл ақпаратты әзірше растай алмады. Дәрігерлердің айтуынша, Елдос Чикеновтің жағдайы айтарлықтай жақсарды және ол үйге шығуға дайындалып жатыр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Елдос Чикеновтің пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілгені хабарланған болатын. Оған операция жасалды және дәрігерлер оның өміріне қауіптің жоқ екенін хабарлады. Сонымен қатар, ІІД мамандары бұл оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеудің басталғанын мәлімдеді. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети