04 сәуір 2022 | 19:03

ШҚО экологтары Ертіске құлаған вагондарда не болғанын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Шығыс Қазақстан облысының экологтары 3 сәуірде Ертіске құлаған вагондарда не болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шығыс Қазақстан облысының экологтары 3 сәуірде Ертіске құлаған вагондарда не болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Экологтар Өскемен-Құмыстау теміржол учаскесінде 18 вагон рельстен шығып, оның алтауы Ертіс өзеніне құлап кеткен оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Алты вагонның біреуінде руда, бесеуінде қож болған. Ол әдетте өңделген шахтаның бос жерлерін толтыру үшін инертті материал ретінде пайдаланылады. Бұл әлеуетті қауіп төндірмейді", - деді ШҚО экология департаменті басшысы Данияр Әлиев.

Ол мамандар ықтимал зиянды анықтау үшін сараптамаға су сынамасын алып қойғанын айтты.

Данияр Әлиевтің айтуынша, қазір мамандар судағы ауыр металдардың: қорғасын, мырыш және мыстың химиялық құрамы бойынша зерттеулер жүргізіп жатыр. Мұнымен "Қазгидромет" РМК қызметкерлері айналысады. Олар оқиға орнына барып, су сынамасын алып қойған.

"Зерттеудің алғашқы нәтижелері ертең таңертең дайын болуы керек", - деді Данияр Әлиев.

Еске салайық, 3 сәуірде сағат 12.04-те Шығыс Қазақстан облысының Өскемен-Құмыстау теміржол учаскесінде 18 вагон рельстен шығып кеткен болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети