04 сәуір 2014 16:55

Шолақсор ауылының тұрғындары үйлеріне оралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ҚР ТЖМ ©ҚР ТЖМ

Павлодар облысындағы Шолақсор ауылының көшірілген тұрғындары үйлеріне оралды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жедел ақпаратқа қарағанда, ауылда су тасқыны басу қаупі толық сейілген. 


Павлодар облысындағы Шолақсор ауылының көшірілген тұрғындары үйлеріне оралды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жедел ақпаратқа қарағанда, ауылда су тасқыны басу қаупі толық сейілген. 

"Жағдай тұрақтанды. Бүгін су қайта тартылды. Жіберілген су көлемі - 670 мың текше метр. Бөгеттерді нығайту және биіктету жұмыстары аяқталды. Тасқын қаупі түгел жойылды. Жергілікті тұрғындар үйлеріне жіберілді", - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметкері Хакима Асқарова. Оның айтуынша, төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары тұрақты орналасқан жерлеріне қайтып жатыр. 

Еске сала кетейік, 365 тұрғыны бар Шолақсор ауылы тасқын қаупі аймағында қалып қойған болатын. Сілеті суқоймасынан жіберілетін су көлемінің артуына байланысты елді мекенді тасқын басу қаупі туындаған. Қауіпсіздік мақсатымен тұрғындар арнайы эвакуциялық тұрақтарға көшірілді. Тұрғындардың малы алыс жайылымдарға айдалды. Екі күн ішінде ауылға қызылсу таяй бастады.

Бұған қоса, бөгеттің екі тұсының шайылып кетуі мүмкін болды. Бұл тұстарда нығайту жұмыстары жүргізілді. Бөгеттің 100 метрге жуық тұсы 1,5 метрге биіктетілді. Суқойманың қаупін азайтуға аймақтық төтенше жағдайлар департаментінің барлық күш-құралы мен арнайы техникалары тартылды.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети