04 наурыз 2014 10:27

Шығыс Қазақстан облысында өрттен төрт адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ҚР ТЖМ ©ҚР ТЖМ

Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында және Риддер қаласында жеке тұрғын үйлерде болған өрт салдарынан төрт адам қаза тапты деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел мәліметі бойынша. Абай ауданының Құндызды елді мекенінде жеке тұрғын үйлердің бірі өртеніп, тілсіз жаудың салдарынан 1961 жылы туған ер адам мен 1962 жылы туған әйел адам қайтыс болды. Денесін күйік шалған 2012 жылғы сәби ауруханаға жатқызылды. "3 наурыз күні сағат 09.30-да басталған өрт 12.10-та ауыздықталып, 15.15-те залалсыздандырылды. Өртті сөндіруге Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 6 адам мен бір техника жұмылды. Өрттің жалпы ауданы - 100 шаршы метр", - делінген хабарламада. Дәл осы мезетте Риддер қаласында да бір жеке тұрғын үйде өрт шыққан. Бірақ тұрғындар өртсөндіру қызметіне хабар бермеген. Кейін төтенше жағдайлар қызметкерлері оқиға орнынан 1950 және 1977 жылы туған екі ер адамның мәйітін тапты. Өрт бар болғаны 1 шаршы метрді шарпыған. 3 наурыз күні Қостанай облысының орталығында да жеке тұрғын үйлердің бірі отқа оранып, бір адамның өмірі қиылды. Өртенген үйден 1935 жылы азаматтың мәйіті табылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети