05 қараша 2015 18:07

Шығыс Қазақстан облысында шенеунік пышақ жарақатын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елдос Чикенов. © facebook.com Елдос Чикенов. © facebook.com

Шығыс Қазақстан облысында дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Елдос Чикенов пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға 5 қараша күні Өскеменде болған. №2 қалалық ауруханадағылардың хабарлауынша, Чикенов ауруханаға жатқызылды.

Травматология бөліміндегілердің айтуынша, оған операция жасалды. Қазір оның өміріне қауіп жоқ. Шенеуніктің пышақ жарақатын қалай алғаны әзірше белгісіз.

Елдос Чикенов 2015 жылдың ақпанынан бері дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып қызмет етеді. Бұған дейін ол ҚР Спорт және дене шынықтыру істері бойынша агенттік басқармасында жұмыс істеді. Ал оған дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінде басқарманы басқарды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети