18 наурыз 2015 10:24

Шығыс Қазақстанда 4 геолог мінген көлік мұз астына түсіп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ШҚО ТЖД баспасөз қызметі ©ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма суқоймасында "Нива" автокөлігі мұз астына түсіп кетіп, бір адам қаза тапты - деп хабарлайды YK-avto.kz облыстың ТЖД судан құтқару қызметіне сілтеме жасап. Автокөлікте барлығы төрт адам болған.


Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма суқоймасында "Нива" автокөлігі мұз астына түсіп кетіп, бір адам қаза тапты - деп хабарлайды YK-avto.kz облыстың ТЖД судан құтқару қызметіне сілтеме жасап. Автокөлікте барлығы төрт адам болған.

Порталдың мәліметінше, оқиға кеше, 17 наурыз күні болды. Төтенше оқиға туралы толық мәлімет әзірше жоқ. Судан құтқару қызметінің аға әдіскері Анатолий Рожковтың айтуынша, бастапқыда автокөлікпен бірге үш адам мұз астына кетті деген болжам болған.

"Басында мұз астына көлікпен бірге үш адам кетті деп болжанған еді, бірақ кейін бір адамның қаза тауып, үшеуінің аман қалғаны белгілі болды. Үш ер адам батып бара жатқан көліктен өз күштерімен шыққан. Қаза болған 23 жастағы азаматтың денесін жергілікті тұрғындар мен аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері алып шықты", - дейді ол.

Айта кетейік, бұл оқиғаға тап болғандардың геологтар екені анықталып отыр. Оқиға геофизикалық жұмыстар кезінде болған. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қызылорда облысында "УазФермер" автокөлігінің мұз астына түсіп кеткені хабарланған еді. Оқиға салдарынан бес адам қаза тапты. Қайғылы оқиға 20 қаңтар күні Арал ауданының Аманөткел елді мекені маңында болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети