19 ақпан 2015 10:18

Шығыс Қазақстанда далалықта адасқан малшы аман-есен табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Yandex.ru ©Yandex.ru

Шығыс Қазақстанда далалықта адасып кеткен малшы табылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шығыс Қазақстанда далалықта адасып кеткен малшы табылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жарма ауданы Үш биік ауылының адасып кеткен тұрғынын әкімдік қызметкерлері 18 ақпан күні сағат 10.30-да тауып алды, жағдайы қанағаттанарлық", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Жарма ауданы тұрғынының 16 ақпан күні үйден шығып кетіп, кері оралмағаны хабарланған еді. Бұл туралы "112" пультіне Үш биік ауылының тұрғыны хабар берген. Ол жоғалған азаматтың 17 ақпанда шамамен сағат 14.00-де телефон соғып, жайылымнан қайтып келе жатқанын, бірақ ол өзінің қайда тұрғанын білмейтінін айтты. Құтқарушылардың айтуынша, іздестіру шаралары Үш биік елді мекенінің шығыс жағында, "Ет комбинаты" аумағының 20 шақырым радиусында жүргізілген. Іздестіру жұмыстарына елді мекеннің бес тұрғыны мен екі дана техникасы жұмылдырылды.

Қараңғы түсіп кетуіне және ауа райының қолайсыз болуына байланысты сол күні іздеу жұмыстары тоқтатылды. Жарма ауданы ІІБ іздестіру жұмыстары 18 ақпанда таңертең қайта басталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети