28 мамыр 2015 10:38

Шығыс Қазақстанда магнитудасы 4,9-ға тең жер сілкінісі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© yk-news.kz © yk-news.kz

Шығыс Қазақстанда магнитудасы 4,9-ға тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды YK-news.kz.


Шығыс Қазақстанда магнитудасы 4,9-ға тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Порталдың мәліметінше, жер сілкінісі кеше, 27 мамырда сағат 22.30 шамасында Өскеменнен 300 шақырым қашықтықта тіркелді. Жерасты дүмпулері облыс орталығында әлсіз сезілді, зардап шеккендер мен қирандылар туралы мәлімет жоқ.

ШҚО мобильдік дайындық басқармасының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Үржар ауылынан 32 шақырым жерде болған. Бұл жердегі магнитуда 4,9-ға тең. Алдын ала мәлімет бойынша, ешкім зардап шеккен жоқ. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстанда магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісі 28 қаңтарда тіркелді. Жер сілкінісі Астана уақыты бойынша сағат 14.08-де болды. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 567 шақырымда, Қазақстан аумағында анықталды. Энергетикалық класы 9,5-ке тең тербелістің ошағы 15 шақырым тереңдікте болған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети