13 қаңтар 2015 17:04

Шығыс Қазақстанда науқас бала қар құрсауынан құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©emer.gov.kz ©emer.gov.kz

Шығыс Қазақстан облысында өртсөндірушілер қар құрсауында қалған жедел жәрдем көлігін құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шығыс Қазақстан облысында өртсөндірушілер қар құрсауында қалған жедел жәрдем көлігін құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел жәрдем көлігі іші қатты ауырған 10 жастағы баланы Зырян қаласына әкеле жатып, жолда қарға батып қалған. Жүргізуші көлікті қар астынан өздігінен шығара алмаған соң құтқарушыларды шақырады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушы топ ол жерге бірнеше минутта жетіп, көлікті күртік қардың астынан сым арқанмен тартып шығарды. Ал жедел жәрдем дәрігерлері ауырған баланы тексеріп, қалаға жеткен соң хирургия бөліміне жатқызды. Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі таңда ұл баланың денсаулығы қанағаттанарлық жағдайда, өміріне еш қауіп жоқ.

Еске сала кетейік, қаңтардың 8-і күні Шығыс Қазақстан облысында 143 адамның қар құрсауынан құтқарылғаны хабарланған болатын. Шемонаиха - Оба шекара өткелі (Ресейге кіретін жер) автожолының 18-шақырымында Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының күшімен қар құрсауынан 117 адам құтқарылды, олардың арасында бес бала бар. 19 автокөлік пен үш автобус қар астында қалған.
 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети