05 тамыз 2015 18:55

Шығыс Қазақстанда орманда жоғалып кеткен жігіт іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Liveinternet.ru © Liveinternet.ru

Шығыс Қазақстан облысында орманнан 28 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шығыс Қазақстан облысында орманнан 28 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құтқарушылар "Голушенок" таулы ауданында жидек теру кезінде топтан қалып қойған 28 жастағы жігітті іздестіріп жатыр. Ол 3 тамызда жоғалып кетті.

Сонымен қатар, 5 тамызда құтқарушылар екі күн бұрын орманда адасып қалған әйелді тапты.

"59 жастағы әйел серіктесімен бірге жидек жинауға барған. Өз ісінің қызығына кіріп кеткен ол құрбысынан көз жазып қалғанын аңғармаған. Қасындағы әйел оны іздеген, дегенмен нәтиже шықпағасын құтқарушыларға хабар берген. Әйел адам екі түнді орманда өткізді. Біз оны өзі жоғалған жерге жақын маңнан таптық. Оның жағдайы жақсы, әйел медициналық көмектен бас тартты", - деді өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети