12 желтоқсан 2014 18:45

Шығыс Қазақстанда өртенген мектептен 200-ден астам оқушы эвакуацияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ШҚО ТЖД ©ШҚО ТЖД

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы мектепте өрт шығып, 200-ден астам бала эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.


Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы мектепте өрт шығып, 200-ден астам бала эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Өрт туралы хабарлама 9.38-де түсті. Мектептегі сабақ кезінде кабинеттердің бірінде ағаштан жасалған екі жиһаз, еден, музыкалық аппаратура, пластиктен жасалған терезе мен есік конструкциялары өртенді. Барлығы 20 шаршы метрді өрт шалды. Төтенше жағдайлар департаментінің 15 адамнан тұратын жеке құрамы оқиға орнына келгеннен кейін өрттің бетін бірнеше минутта қайтарды. 

Білім беру мекемесінен 267 адам эвакуацияланды, оның ішінде 226-сы - оқушылар. Мұғалімдер мен оқушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себебі ретінде электр құрылғыны іске қосу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамау деген нұсқа қарастырылып жатыр. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети