07 шілде 2015 11:01

Шығыс Қазақстанда өзенді атпен кесіп өтпек болған екі ер адам суға кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© rusevik.ru © rusevik.ru

Шығыс Қазақстан облысында өзенді атпен кесіп өтпек болған екі азамат суға кетті, - деп хабарлайды YK-news.kz. Басылымның мәліметінше, оқиға сенбі күні Күршім ауданында болған.


Шығыс Қазақстан облысында өзенді атпен кесіп өтпек болған екі азамат суға кетті, - деп хабарлайды YK-news.kz. Басылымның мәліметінше, оқиға сенбі күні Күршім ауданында болған.

ШҚО ТЖД хабарлауынша, 32 және 34 жастағы екі ер адам Күршім өзенін атпен кесіп өтек болған кезде суға батып кеткен. "Сүңгуірлер ер адамдардың бірінің денесін тапты. Екіншісінің денесі іздестіріліп жатыр", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, осыған дейін ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет Қазақстанда маусым айында 164 адамның суға кеткенін хабарлаған болатын. Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің төраға орынбасары Жасұлан Жұмашевтың айтуынша, адамдардың суға кетіп өлуінің басты себептері - жүзе алмау, күшін дұрыс есептемеу, балаларды қараусыз қалдыру, мас күйде шомылу, арнайы жабдықталмаған жерде шомылу, жеке құтқару құралдарынсыз балық аулау.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети