08 шілде 2015 20:14

Шығыс Қазақстандағы кен орнында шыққан төбелестен 31 адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация © Тengrinews.kz Иллюстрация © Тengrinews.kz

Шығыс Қазақстанда "Қазақмыс" корпорациясының Ақтоғай кен орнында жұмысшылар арасында төбелес болып, 13 адам зардап шекті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Шығыс Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады.


Шығыс Қазақстанда "Қазақмыс" корпорациясының Ақтоғай кен орнында жұмысшылар арасында төбелес болып, 13 адам зардап шекті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Шығыс Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады.

Тәртіп сақшылары оқиғаның 8 шілде күні "Қазақмыс" корпорациясының тау-байыту комбинатының асханасында болғанын айтып берді. Ас ішу кезінде жұмысшылардың бірі оның сапасының нашар екендігін айтып, комбинат аспазына дене жарақатын салды, бұл жағдай кәсіпорын жұмысшыларының бір-бірімен төбелесуіне себеп болды.

"Ақтоғай ауылдық полиция бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына келген кезде төбелес аяқталды. Төбелес салдарынан комбинаттың 31 жұмысшысы зардап шекті, оның ішінде біреуі күзетші және тағы 21-і Қытай халық республикасының және Қазақстанның азаматтары. Олар Өскемен мен Аягөз қалаларының медициналық мекемелеріне жеткізілді. Дене жарақатын салу және бұзақылық әрекеттер дерегі бойынша соталды тергеу амалдары жүріп жатыр. ", - делінген ІІД хабарламасында.

Құқыққорғаушылардың айтуынша, қажетті тәртіпті қамтамасыз ету үшін оқиға орнына ішкі істер органдарының қосымша күштері жұмсалды. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, бақылауға алынған. Заңда қарастырылған барлық қажетті шаралар өткізіліп жатыр.

Еске салайық, осыған дейін "Kaz Minerals" ЖШС ("Қазақмыс" корпорациясы) өкілдері жұмысшылардың арасында төбелестің болғанын растаған еді.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети