09 қыркүйек 2014 14:14

Шымкент тұрғыны терең құдықта бір тәулік отырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құтқарушыларды жасөспірімдер шақырған. ©tengrinews.kz Құтқарушыларды жасөспірімдер шақырған. ©tengrinews.kz

Шымкент тұрғыны үш метрлік құдыққа құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық ТЖД құтқару жасағына сілтеме жасап. 


Шымкент тұрғыны үш метрлік құдыққа құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық ТЖД құтқару жасағына сілтеме жасап. 

60 жастағы ер адам құдықта бір тәулік бойы отырды. Зардап шегушінің айтуынша, ол өз еркімен құдықтан шыға алмаған, өйткені тереңге құлаған кезде әртүрлі дене жарақатын алған. Ер адам үйіне баратын жолды қысқарту үшін ашық құдық тұрған екі үйдің арасындағы жолмен жүрген. "Ер адамды жасөспірімдер құтқарды. Олар құдықтың жанынан өтіп бара жатқан кезде ыңырсыған дауысты естіген. Балалар ер адамды құдықтан шығара алмайтынын сезген соң, құтқарушыларды шақырған", - дейді ҚР ІІМ ОҚО ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Павел Вишенин. Құтқарушылар жәбірленушіні терең құдықтан альпинистік жабдықтың көмегімен шығарып алып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырған. 

Еске сала кетейік, өткен жылдың қазан айында Жамбыл облысында кішкентай бала белгісіз жағдайда кәріз құдығына құлап батып кеткен болатын. Бұл оқиға 4 қазан күні кешке жақын болған. "Мәйіт Жамбыл облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің күшімен (бес адам, екі техника) құдықтан шығарылды", - деген болатын сол кезде ҚР ТЖМ баспасөз қызметі. Дәл сол жылы жазда осындай тағы бір оқиға қайталанған. Батыс Қазақстан облысында өздігімен ойнап жүрген 6 жасар бала құдыққа құлап батып кеткен. Қаза болар алдында бала аулада ойнап жүрген, ал анасы осы кезде екі кішкентай балаларын ұйықтату үшін үйіне кіріп кеткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети