Шымкентте белгісіз біреулер иттің көзін күйдіріп тастады. Бұл туралы еріктілер әлеуметтік желіде айтты. Гаммиді адамдар көшеден тауып алған. Шымкент қаласының Полиция департаменті жануарға жасалған қастандық бойынша іс қозғалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Гамми туралы жазба Instagram-дағы "Помоги животным" тобында жарияланды. Еріктілердің сөзінше, ол 8-10 айлық ит. Қазір жануардың жағдайы нашар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Ол жан-жағында болып жатқандарға мән бермейді. Тамақ, су ішпейді. Оған таңғалатын ештеңе жоқ. Бір мезетте көру қабілетінен айырылған кішкентай күшікті елесететіңіз. Жүгіріп, үріп, қонақтарды күтіп, үй күзетіп жүрген күшік. Ал енді оның бірде-біреуі жоқ. Оның иесі бары анық, мойнында қарғыбауы бар, арық емес", - дейді еріктілер.
Олардың сөзінше, дәрігерлердің айтуынша, күшіктің көзін өткір құралмен шығарып тастаған.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, Гаммидің ісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
"2021 жылы 26 қаңтарда Instagram-дағы парақшалардың бірінде көзінен жарақат алған күшіктің суреті мен видеосы пайда болды. Сол күні ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды", - деді ПД өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!