15 сәуір 2014 10:40

Шымкентте бір әйел баласын мешітте қалдырып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Шымкентте бір әйел баласын мешітте қалдырып кетті, - деп хабарлайды Otyrar.kz.


Шымкентте бір әйел баласын мешітте қалдырып кетті, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

Мешіт қызметкерлерінің айтуынша, 40-45 жастағы әйел намазға баласын ертіп келген. Намаздан соң имамдар баланың жалғыз қалғанын көреді. "Мен бөлмеге кірген кезде, бұрышта ұйықтап жатқан баланы көрдім. Жанында шешесі болмады. Мешіт қызметкерлерімен бірге барлық бөлмені қарап шықтық, бірақ әйелді таппадық. Содан кейін Абай полиция бөліміне хабарласып, біреудің баланы тастап кеткенін айттық", - дейді Оңтүстік Қазақстан орталық мешіті имамының көмекшісі Саян Ысқақов.

Бірнеше минуттан соң мешітке жол-патруль полициясы қызметкерлері келген. Олар бір сағат бойы ғимарат маңайын тінтіп шығып, май құю бекеттерінің жанынан баланы тастап кеткен әйелді тапты.

"Біз шақыру бойынша келген кезде бала имамның қолында болды. Біз іздеу жүргізіп, әйелді таптық, оны мешіт қызметкерлері таныды. Әйел баласымен бірге Абай полиция бөліміне істің мән-жайын анықтау үшін жеткізілді", - деп хабарлайды жол-патруль полициясы полкының 4-ротасының инспекторы Мылтықбай Алдабергенов.

Полицейлердің мәліметінше, әйел Қазығұрт ауданының тұрғыны болып шықты. Қазір қылмыстың себебі анықталып жатыр.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети