12 мамыр 2014 19:30

Шымкентте дауылдың кесірінен төтенше жағдай жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттегі хайуанаттар бағында құлаған ағаш. ©tengrinews.kz Шымкенттегі хайуанаттар бағында құлаған ағаш. ©tengrinews.kz

Шымкентте қатты желдің салдарынан төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы брифингте қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Нұрболат Дербесов мәлімдеді.


Шымкентте қатты желдің салдарынан төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы брифингте қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Нұрболат Дербесов мәлімдеді.

Төтенше жағдайдың салдарынан қалада екі күннен бері мектептер мен балабақшалар жабық тұр. Құтқарушылар желдің екпіні секундына 28 метрге дейін күшейеді деген хабарлама таратқан. Бүгінгі 12 мамырда, қатты жел бірнеше ғимарат пен тұрғын үйлердің шатырын ұшырып әкеткен. Көшеге жарық беретін шамдар, бағдаршамдар, билбордтар мен маңдайша жазулар, электр желілері бүлінген. Қаланың сегіз ықшамауданында электр энергиясынан мәселе туындаған.

Еске сала кетейік, бүгін қатты желдің салдарынан бір әйел қаза тапты. Хайуанаттар бағының қызметкерін дауылдың салдарынан тамырымен бірге құлаған ағаш басып қалған. 52 жастағы Гүлназ Түленова оқиға орнында көз жұмды. Дәрігерлер оның қатты жарақат алғанын айтты. Хайуанаттар бағының директоры оны жерлеу мен ас беру шығынының барлығын ұжым өзі көтеретінін хабарлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети