20 қаңтар 2016 14:56

Шымкентте жол бойында төбелескен автобус жүргізушілері жұмыстан шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Видео кадры © Видео кадры

Шымкентте жол бойында төбелескен автобус жүргізушілері жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Шымкентте жол бойында төбелескен автобус жүргізушілері жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқиға таяуда Шымкент қаласында болған. Төбелесті куәгерлер видеоға түсіріп алған. Төбелеске автобус жүргізушілері қатысыпты. "Жолға бала жүгіріп шықты, мен дереу тежегішті бастым. Ал осы уақытта бамперіме басқа автобус келіп соқтығысты. Ол жақтан кондуктор атып шығып, маған және менің кондукторыма қол көтерді", - дейді оқиғаны баяндаған жүргізуші Руслан Тайтелиев. Ол "Ордабасы" компаниясының №145 бағытындағы такси жүргізушісі.

Осыдан кейін оқиға орнына полиция шақырылған. Қазіргі уақытта көліктер айып тұрағында. Компания өкілі Досбол Игіліковтің айтуынша, қалалық әкімдікте екі жүргізушіні жұмыстан шығару туралы шешім қабылданған. Компания Руслан Тайтелиевпен келісімшартты үзу туралы бұйрықты дайындады. Оқиғаға кімнің кінәлі екендігін жол полициясының қызметкерлері анықтайды. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети