20 ақпан 2016 17:51

Шымкентте көпшілік алдында сөз естіген полицей өз әрекетін түсіндіріп берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/dudoser © instagram.com/dudoser

Басшылықтың ескертуінен кейін көлігінің терезесінен тонировканы жылдам алып тастап, Желіде жарияланған видеоның кейіпкері болған ОҚО ІІД қызметкері терезеде жапсырманың бар екенін байқамай қалғанын мәлімдеді. Ол бұл жөнінде Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді.


Басшылықтың ескертуінен кейін көлігінің терезесінен тонировканы жылдам алып тастап, Желіде жарияланған видеоның кейіпкері болған ОҚО ІІД қызметкері терезеде жапсырманың бар екенін байқамай қалғанын мәлімдеді. Ол бұл жөнінде Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкенттің муниципал полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірханның патрульдік-постық қызметінің қызметтік көлігінің терезелеріне тонировка жапсырған полицейлерді оны алып тастауға мәжбүрлегені хабарланған болатын. Ролик "Заң алдында бәрі бірдей!!!" деп аталған. Кадрдан подполковниктің сөзінен кейін полицейлердің көлік терезесіндегі жапсырманы бірден сыпыра бастағандарын көруге болады. Бұл оқиғаға өтіп бара жатқан адамдар куә болып, олар сол сәтті ұялы телефондарының камерасына жазып алыпты.

Көпшіліктің алдында сөз естіген инспектордың айтуынша, ол сол күні жұмыстан кейін жұбайының көлігімен қалаға шыққан. "Мен кешке жұмыстан кейін жұбайымның көлігіне отырып, кете бердім. Оның терезелерінде жапсырманың бар екенін байқаған да жоқпын. Пленканы алып тастадым, айыппұлды да төлеп қойдым", - деді ОҚО ІІД қызметкері. Оның айтуынша, видеоға түсіп қалғандардың ешқайсысы Интернетте "жұлдызға айналамыз" деп ойламаған. Сонымен қатар, испектор әріптестерінің алдында кешірім сұрап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелеріне сай келмейтін көлікті жүргізгені үшін 5 АЕК көлемінде, яғни 10605 теңге айыппұл төледі.

Сонымен қатар, испекторды "тәртіпке салған" жергілікті полиция басшысы Данияр Мейірханның оның бастығы емес екені анықталды. "Қызметіме келгенде қала әкімі тәртіпті өзіңнен және әріптестеріңнен бастау керек деп айтқан болатын. Сондықтан қызметі мен лауазымына қарамастан сұрау болады", - деді Мейірхан. "Мен оған заңның алдында бәрінің бірдей екенін және оның өзгелерге үлгі болуы керегін бірден айттым, сондықтан тонировканы шұғыл түрде алып тастауын сұрадым. Осыдан кейін әріптестерім әкімшілік хаттама толтырды", - деді ол.

Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкентте рейд шаралары жүріп жатыр, оның шеңберінде көліктерінің терезесіне тонировка жапсырған жүргізушілерден оны алып тастау талап етіледі. Қалада ең бірінші болып Шымкент әкімдігінің қызметкерлері өз көліктеріндегі жапсырмаларды алып тастады. Шыны керек, ол үшін жергілікті полиция қызметкерлері бірнеше хаттама толтырды. Рейд кезінде VIP-номері мен сериясы бар көліктерге ерекше көңіл бөлінді. Подполковник Мейірханның айтуынша, сол көліктегілер жол қозғалысы ережесін жиі бұзып, көліктерінің терезесін қараңғылап алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети