01 қазан 2015 23:12

Шымкентте көше бойында бір қызды оңдырмай сабаған жігіт ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте Республика даңғылының бойында бір қызды оңдырмай сабап тастаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды TVK.


Шымкентте Республика даңғылының бойында бір қызды оңдырмай сабап тастаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды TVK.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желі қолданушыларының жағасын ұстатқан болатын. Алайда жәбірленуші қыздан полицияға шағым түспепті.

"Бүгінгі таңда полицейлер осы видеороликтегі күдіктіні ұстады. Ол 1985 жылғы жігіт, ол ұсталды. Қазіргі уақытта "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Соталды тергеу жүріп жатыр, оқиғаның куәгерлері де табылды. Қазіргі уақытта полицейлер жәбірленушінің аты-жөнін анықтап жатыр, себебі қыз ішкі істер органдарына хабар бермеген. Кейін процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Салтанат Қаракөзова. 

Сонымен қатар, ОҚО ІІД өкілдері өзге де даулы істерге қатысты пікір білдірді. Нақтырақ айтсақ, "Автонұр" базарының маңындағы қыздардың жұлысқан оқиғасы және Volkswagen Passat иесіне жасалған шабуыл жайлы.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети